2024 жылғы 12 желтоқсанда мектебімізде бастауыш сынып оқушыларының қатысуымен ерекше қорытынды концерт өтті. Бұл концерт халқымыздың тәуелсіз елге айналу жолындағы тарихи кезеңдерді бейнелеуге арналды.
1–3 сынып оқушылары өз өнерлерімен халқымыздың бастан кешкен ұлы оқиғаларын, атап айтқанда, жоңғар шапқыншылығы, Алаш Орда қозғалысы және 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне жету жолындағы маңызды кезеңдерді көрсетті.