2025 жылдың 17 мамырында мектебімізде үлкен шығармашылық шара — оқу жылының қорытынды есептік концерті өтті. Оқушылар биылғы оқу жылында алған білімдерін, өнерлерін және жетістіктерін ата-аналар мен қонақтар алдында паш етті. Концерт көрермендерге жарқын эмоциялар мен ұмытылмас сәттер сыйлады.