Біздің мектепте Қазақстан Республикасы күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. Оқушылар ән айтып, өлең оқып, елімізге деген сүйіспеншіліктерін өнер арқылы көрсетті. Бұл күн балалардың бойында отансүйгіштік рухын оятқан ерекше мереке болды.
Республика күні құтты болсын!

