Республикалық Таланттар Алаңы байқауында Shamshyraq ulttyq mektebi ұжымы ең жоғары марапат — ГРАН-ПРИ жүлдесіне қол жеткізді ✨
Бұл үлкен жетістік сахнада орындалған ұлттық рухы биік, мағынасы терең қасиетті күй — Ер Тұран арқылы көрерменнің жүрегіне жол тапты 🎶
7–10 жас аралығындағы балалардың ұлттық топтық орындау номинациясындағы өнері әрбір дыбыста — тарихты, әрбір әуенде — елдің рухын сездіре отырып, табандылық пен өнерге деген шынайы сүйіспеншілікті айқын көрсете білді.
Бұл марапат — үлкен еңбектің, үздіксіз дайындықтың және бірліктің нәтижесі.
Осындай сәттер ұлттық өнердің мәңгілік екенін тағы бір мәрте дәлелдейді 🤍


