2026 жылғы 1 наурызда Академия FIDE ұйымдастырған кәсіби шахмат турниріне мектебіміздің оқушылары қатысып, өз шеберліктерін жоғары деңгейде көрсетті. Турнир қорытындысы бойынша Тұраш Абылай 4-орын иеленіп, IV разряд дипломымен марапатталды. Бұл – табандылық пен үздіксіз еңбектің нәтижесі. Жас спортшымызды құттықтаймыз және алдағы жарыстарда жаңа жеңістер тілейміз!



