Шамшырақтың нұрлы көктемі

2026 жылғы 14 наурыз күні Шамшырақ ұлттық мектебінде ата-аналарға арналған «Шамшырақтың нұрлы көктемі: Ана, Наурыз және әсем Алматы» атты мерекелік концерт жоғары деңгейде өтті.
Оқушыларымыз ән шырқап, би билеп, күй тартып, сахналық қойылымдар арқылы өз өнерлерін көрсетіп, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.
Кештің ерекше қонағы – Қазақстанның халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұлов болып, шәкірттеріміздің өнеріне тәнті болып, ақ батасын берді.
Сонымен қатар, «Алматы» телеарнасы концертті арнайы түсіріп, ата-аналар мен ұйымдастырушылардан сұхбат алды.
Бұл кеш – өнер мен тәрбиенің, ұлттық рух пен шынайы шабыттың тоғысқан сәті болды!

Scroll to Top