2026 жылы сәуір айының 11 жұлдызында мектебімізде ата-аналардың қатысуымен «Отбасы хрестоматиясы» жобасының авторы Санжар Керімбай мырзаның тағылымды семинары ұйымдастырылды.
Семинар барысында бала тәрбиесіндегі ең маңызды құндылықтар — адамгершілік, руханият, ұлттық болмыс жайлы терең де әсерлі ойлар айтылды. Жүрекке ой салып, рухқа серпін берген ерекше кездесу болды.
