«Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады…»
Тілдер күніне орай 1-«А» сынып оқушылары мектебімізде ерекше іс-шара өткізді!
Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының осы бір терең, мағыналы сөзін ұран еткен бүлдіршіндеріміз ана тіліміздің қадір-қасиетін ұлықтады. Мектеп табалдырығын жаңа аттаған кішкентай бүлдіршіндеріміз тіл туралы өлеңдер оқып, өз өнерлерін ортаға салды.
Саналы ұрпақ — ұлт болашағы. Сәби жүректердің ана тіліне деген құрметі мен ықыласы баршамызды сүйсіндірді. Тілді құрметтеу — Отанды құрметтеуден басталады!
